Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда жемқорлыққа қарсы кең ауқымды мобильді науқан басталды

Маңғыстауда жемқорлыққа қарсы кең ауқымды мобильді науқан басталды

Маңғыстауда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру науқаны басталды. «Адал қоғам» жобасы аясында іске асып жатқан бұл бастама 25 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Арнайы мобильді топ алдағы он күн ішінде облыстың 2 қаласы мен 5 ауданын аралап, жолшыбай кемінде 20 елді мекенде қамтитын сапарға шығады. Мобильді топтың сапары барысында мамандар жергілікті тұрғындармен тікелей кездесіп, ашық форматтағы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 


Топ құрамына Экономикалық тергеу департаменті, Әділет департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Полиция департаменті және «GUMOL» стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшылары кірген. 


Алғашқы кездесу Ақтау қаласында өтіп, түрлі сала мамандары мен қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар спикерлерге өзекті сұрағыны қойып, жауап алды. 


Мобильді топ мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық қорғау органдарының жұмысы, өтініш беру тәртібі, жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелер, мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта алу мүмкіндіктері, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен оларды қорғау жолдары туралы нақты түсіндіріп, практикалық кеңесін берді.  


Жалпы өңірдегі кездесулер кезінде кемінде 500 данадан астам ақпараттық жадынама мен кеңестік материалдар таратылмақ. 


«Адал қоғам» бастамасының басты мақсаты – өңірде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланыс пен ашықтықты арттыру, қоғамдық бақылау тетіктерін түсіндіру және тұрғындардың құқықтық сауатын көтеру. Сонымен қатар жоба аясында мектептер мен колледждерде жастарға арналған лекциялар, адалдыққа бағытталған пікірталас алаңдары, жергілікті белсенділер үшін құқықтық кеңес беру сессиялары ұйымдастырылып, қоғамның әр тобына маңызды ақпаратқа еркін қол жеткізуге жағдай жасалады, - дейді жоба жетекшісі Лаура Сәрсенбаева.


Науқан шаралары еркін форматта, тегін өтеді және кез келген азамат алдын ала тіркеусіз қатыса алады. Айта кетейік, іс-шара Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізіліп жатыр.

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!