Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда үздік тәртібі мен қоғамдағы белсенділігі үшін студентер мен олардың ата-аналары марапатталды

|
25.11.2025 15:36
Ақтауда үздік тәртібі мен қоғамдағы белсенділігі үшін студентер мен олардың ата-аналары марапатталды

Ақтауда “Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының тірегі” тақырыбында семинар өтті. 200-ге жуық адам қатысқан жиында 5 үздік студент пен олардың ата-аналары марапатталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, құқық қорғау қызметкерлері, облыстағы білім беру ұйымдарының өкілдері мен студенттер, сондай-ақ ата-аналар қатысты.


Жастардың бойында құқықтық мәдениетті, заңға құрмет пен қоғамдық тәртіпке жауапкершілікті үйрету мақсатында өткен іс-шарада өзекті тақырыптар талқыланды. Маңғыстау облысының полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Ювеналды полиция тобының аға инспекторы Алмас Сәлімбаев жастарға қауіпсіз орта құру дағдыларын жетілдіру бойынша кеңес беріп, құқықбұзушылықтың алдын алу үшін жасалып жатқан амалдармен таныстырды. 


“Семинардың басты мақсаты- студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрмет сезімін арттыру, құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы арқылы жастарды құқық бұзушылықтан сақтау жолдарын насихаттау. Бүгінгі кездесу барысында интернеттегі алаяқтық, дипфейктер мен цифрлық қақпандар туралы айтылып, жаңа қауіп түрлерінен қалай сақтануға болады деген сұраққа да жауап берілді. Мұндай кездесулер аясында жастар қоғам алдындағы міндеттерін айырықша ұғына түспек”,- деді Білім басқармасының “Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы” серіктестік және дағдылар бөлімінің әдіскері Айгерим Еркимбаева. 


Жиын соңында білім басқармасы оқудағы үлгерімі мен қоғамдағы белсенділігі үшін үздік студенттер мен олардың ата-аналарын марапаттады.

45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!