Otpan News Logo

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы комитеттің алғашқы отырысы өтті

|
03.11.2025 09:30
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы комитеттің алғашқы отырысы өтті
ru.irna.ru

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы комитеттің алғашқы отырысы Иран Ислам Республикасында өтті. Отырысты Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары және Иранның Каспий теңізі жөніндегі арнайы өкілі Казем Ғарибабади басқарды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Иран Ислам Республикасының ақпараттық агенттігініе сілтеме жасап.


Комитеттің жұмысына Иранның барлық тиісті атқарушы органдарының жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Отырыста Каспий маңы мемлекеттері арасындағы ынтымақтастыққа және Иранның ішкі дайындығына қатысты кең ауқымды мәселелер қарастырылды. 


Жиында жетінші Каспий саммитіне дайындық туралы сөз қозғалды. Келесі жылдың тамызында Иранда өтетін Каспий мемлекеттері басшыларының жетінші саммитін ұйымдастыру шаралары талқыланды.


Кездесуден кейін атқарушы органдардың өкілдері Каспий аймағындағы атқарылған жұмыстар, болашақ жоспарлар және қазіргі қиындықтар туралы есептерін ұсынды.


Арнайы комитеттің құрылуы және жұмысын бастауы Иранның Каспий теңізіндегі ынтымақтастық, қауіпсіздік және тұрақты даму мәселелеріне маңызды халықаралық кездесулер алдында басымдық беретінін көрсетеді.


Айта кетейік, Каспий жағалауы мемлекеттерінің бесінші саммиті Қазақстанның Ақтау қаласында, ал алтыншы саммит Түрікменстанда өтті.

131
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!