Otpan News Logo

«Қаражанбас» мұнайшылары референдумға барады

|
25.02.2026 17:08
«Қаражанбас» мұнайшылары референдумға барады

Бүгін Республикалық коалицияның мүшелері Сүйіндік Алдашев, Бекбол Орынбасаров, өңірлік коалицияның төрағасы Нұрбек Қарасаев, Конституциялық комиссияның мүшесі Жаңбырбай Матаев «Қаражанбас» АҚ жұмысшыларына жаңа Конституцияны таныстырды. Сенат депутаттары енгізілген өзгерістер азаматтардың құқықтарына және билік тармақтарына қатысты екенін айтып, қоғамдық-саяси өмірдегі жаңа бастамалар туралы сөз қозғады. 


Спикерлер Конституцияның Преамбуласындағы халықтық мүдденің барлық баптарда көрініс тапқанын, жаңа Конституцияның азаматтардың өміріне елеулі өзгеріс әкелетін маңызды құжат екендігін түсіндірді. Сонымен қатар адам құқығын қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға арналған бағыттары туралы баяндады.


— Жаңа Конституция жобасы әрбір азаматтың құқықтарын сақтауға және әлеуметтік қолдаулар алуына кепілдік береді, – деді Сүйіндік Алдашев. 


Коалиция мүшелері мұнайшыларды Конституциялық референдум күні «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.

180
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!