Жарнама бөлімі
+7 778 145 90 93
Редакция
+7 (7292) 20 48 34
logo
Қарақоңыз қаптаған Бейнеуде тазалық неге жүргізілмей жатыр?
Махаббат Нұржанқызы
|
15:27, 13 маусым 2025

Бейнеу ауданының тұрғындары соңғы күндері қарақоңыздың қаптап кеткеніне шағымданып жатыр. Жәндіктер үйдің іші-сыртын басып, халықтың берекесін қашырған. Ауыл тұрғындары жергілікті билік тарапынан қандай да бір дезинфекциялық шаралардың жүргізілмей жатқанына наразы, деп хабарлайды otpannews.kz.


«Үйімізге кіріп, берекемізді алды. Жорғалағаны да, ұшатыны да толып жүр. Кешке қарай жарық жаққан сайын қарақоңыз үйге лап қояды. Әкімдік дезинфекция жасап жатыр ма, өзі?», - дейді тұрғындардың бірі.


Көпшіліктің айтуынша, бұған дейін мұндай мәселе болмаған. Алайда соңғы күндері жағдай ушығып, жәндіктер күнделікті тұрмысқа айтарлықтай кедергі келтіріп жатыр.


«Аудандық әкімдік, ауыл шаруашылығы бөлімі, фитосанитарлық орталықтар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қайда қарап отыр? Бұрын мұндай қоқыс, зиянкестер жайлаған емес еді», - деп наразылығын білдірді Бейнеу тұрғыны.


Тұрғындар тиісті мекемелерден тез арада әрекет етуді және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. 


Әзірге жергілікті әкімдік, Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен экология департаменті ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

қарақоңыз
Бейнеу
122
Пікір
Пікірлер
Деректер жоқ
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!