Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы референдумға қатысады
Облыстық Коалиция өкілдері Қ.Сыдиықов атындағы кітапхананың ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция бойынша насихаттау жиынын өткізді деп хабарлайды otpannews.kz
Облыстық коалиция өкілдері кітапхана ұжымына ата заңға енген жаңа өзгерістерді таныстырды және алдағы референдумның маңыздылығын түсіндірді. Жиналыста спикерлер конституциялық реформалардың ел дамуына, қоғам тұрақтылығына және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға қосар үлесі жөнінде кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, референдум - әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды саяси науқан екені айтылды.
"Біз әділетті және прогрессивті Қазақстан үшін құқықтық коалиция өкілдері болып, насихаттау жұмысын жүргізіп жатырмыз. Кітапхана қызметкерлерінің жаңа Ата заңымыз бойынша қойған сұрақтарына жауап бердік. Дамыған елдердің барлығы осы уақытқа дейін Конституциясына біршама рет өзгерістер енгізген. Бұл саяси тұрғыдан алғанда тұрақты жағдай. Біздің жаңа Ата заңның мазмұнына үңілсек ғылымға, білімге, технология мен жасанды интеллектке ерекше көңіл бөлген. Бұл Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды. Құрметті жерлестер, сайлаушылар 15 наурыз күні өтетін референдумға шақырамын",-деді облыстық коалиция мүшесі Марат Абзал.
13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев