Otpan News Logo

The Telegraph Бозжыраны әлемдегі үздік 10 шөлдің қатарына қосты

The Telegraph Бозжыраны әлемдегі үздік 10 шөлдің қатарына қосты
Credit: Denys Shapovalov/iStockphoto

Ұлыбританияның беделді басылымы The Telegraph Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалын әлемде өмірде бір рет көруге тұрарлық 10 шөл аймағының қатарына қосты. Материалдың авторы – 25 жылдан бері әлемнің әр түкпірін аралап жүрген саяхатшы-журналист Сара Маршалл, деп хабарлайды otpannews.kz.


Автор мақаласында Mangystau өңірін Каспий жағалауындағы геологиялық ғажайыптарға толы мекен ретінде сипаттайды. Әсіресе Үстірт жазығындағы Бозжыра шатқалының алып әктасты шыңдары мен өзгеше ландшафтына ерекше тоқталған. Оның айтуынша, бұл аймақ – туристік инфрақұрылым енді дамып келе жатқан, сондықтан қазір барсаң, табиғаттың тұмса сұлулығын көпшіліксіз тамашалауға мүмкіндік бар бағыттардың бірі.


Сара Маршалл Бозжыраны әлемдегі ең әсерлі шөлді өңірлермен қатар қойған. Үздік ондық тізіміне сондай-ақ Сахара, Атакама шөлі, Намиб шөлі, Антарктида, Уади Рум, Калахари шөлі, Гоби шөлі, Колорадо үстірті, Руб-эль-Хали енген.


Осылайша, Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалы әлемдік деңгейдегі бірегей табиғи бағыт ретінде халықаралық БАҚ назарын тағы бір мәрте аударды.

59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!