Ақтаулық оқушылар қайырымдылықпен айналысты
Ақтау қаласындағы Мамандандырылған ІТ лицей оқушылары «Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясына қатысты. Игі бастама қамқорлық пен қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Акцияға лицейдің барлық сынып оқушылары мен ата-аналары белсенді түрде қатысып, ауызбіршілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде оқушылар мен ата-аналар тарапынан 100-ге жуық қайырымдылық корапшасы дайындалды. Оның ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері, тәттілер мен өзге де қажетті заттар қамтылған.
“Әрбір игі іс пен шынайы ниет – мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарының айқын көрінісі. Білім ордасында жүрегі кең, жаны жомарт, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары шәкірттердің қалыптасуы – үлкен жетістік. Акцияға атсалысып, қолдау білдірген жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз”,- деді мектеп әкімшілігі.
11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев