Otpan News Logo

Маңғыстау облысының журналистер одағы мүшелері референдумға қатысуға дайын

Маңғыстау облысының журналистер одағы мүшелері референдумға қатысуға дайын

Ақтауда Маңғыстау журналистер одағының мүшелері, соның ішінде БАҚ басшылары, редакторлар, операторлар, фотографтар жиналып, жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында кездесті. 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумда халық өз таңдауын жасайды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Журналистер жаңартылған Конституцияның баптарын талқылап, енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы өз ойын білдірді. БАҚ қызметкерлері негізгі Заң жобасын дұрыс түсіндіруге ерекше назар аударды, өйткені жаңа Конституциядағы түзетулерді тұрғындарға қаншалықты нақты және түсінікті жеткізсе, референдумның нәтижесі соған байланысты болады.


«Біз әріптестерімізге спикерлерді мұқият таңдау қажет екенін ұсындық. Олар жалпылама сөздер айтпау керек, нақты мысалдар арқылы әрбір өзгеріс немесе түзетудің Конституцияға қандай әсері болатынын көрсетуі тиіс. Біздің оқырман мен көрермендеріміз өздері не үшін дауыс беретінін, құқықтары мен бостандықтары қалай қорғалатынын білуі керек. Ал біздің жұмысымыз – бәрін түсінікті әрі дұрыс түсіндіру, өйткені халықтың таңдауы еліміздің болашағын анықтайды», – деді Маңғыстау облысы журналистер одағының төрағасы Жанахмет Ағыбаев.


Кездесудің соңында облыстық журналистер одағының мүшелері референдумға қатысуға дайын екенін білдірді.

49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!