Маңғыстау аудандық орталық аурухана ұжымы референдумға қатысады
Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, азаматтардың денсаулығын сақтау адами капиталдың басты құндылығы ретінде қарастырылатыны атап өтілді. Денсаулық сақтау саласына қатысты жаңа нормалар, медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Коалиция мүшелері жоба аясында барлық әлеуметтік санаттардың құқықтары ескеріліп, құжаттың ашық қоғамдық талқыға ұсынылғанын жеткізді. Сонымен қатар заманауи медициналық ақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу дәрігерлердің жүктемесін азайтып, қызмет сапасын арттыруға ықпал ететіні айтылды.
Кездесу соңында медицина қызметкерлері жаңа Конституция жобасындағы жаңалықтармен танысып, алдағы референдумға қатысуға шақырылды.
Марина Жебеқызы