Otpan News Logo

Маңғыстауда аң-құстардың санағы қалай жүргізіліп жатыр?

|
20.02.2026 10:26
Маңғыстауда аң-құстардың санағы қалай жүргізіліп жатыр?

Маңғыстау облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мамандары мен мекеме қызметкерлері бірлесіп киіктерге мониторинг жұмыстарын  жалғастырып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мұндай ауқымды жұмыстарды өңірдегі Сам орманы мамандары қолға алды.


Сонымен бірге, "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің "Адамтас" мемлекеттік табиғи қаумалында рейд ұйымдастырып, жоспарға сәйкес, маусымдық құстарға қысқы санақ жұмыстарын аяқталды.


Бұған дейін жүргізілген рейд кезінде киіктердің Үстірт таралымының көп шоғырланған аумақтары қамтылып, 15 мың бас шамасында киік жануары байқалған еді.


Белгілі болған жайт бойынша қазір киіктердің жағдайы бірқалыпты екені мәлім болып отыр. Сонымен бірге, елді мекендерде тұрғындарға жабайы жануарлар дүниесін қорғау, заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында үгіт насихат жұмыстары жүргізілген.  

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!