Otpan News Logo

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы республикалық біріншілікте жүлделі болды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы республикалық біріншілікте жүлделі болды

15-18 ақпан күндері Павлодарда ҚР Ұлттық ұланы әскерлері арасында волейболдан республикалық біріншілік өтті. Жарысқа өңірлік қолбасшылықтардан жеті команда қатысып, алаңға шамамен 70 әскери қызметші шықты. Төрт күнге созылған тартысты додада командалар жоғары дайындықтарын көрсетті. Ойындар шиеленісті өтіп, шешуші кездесулерде әр ұпай үшін қызу күрес жүрді, деп хабарлайды otpannews.kz өңірлік «Батыс» қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өңірлік «Батыс» қолбасшылығының командасы жарыс барысында алты кездесу өткізіп, сенімді ойынның арқасында финалға жолдама алды. Ал шешуші сында олар ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттарымен кездесті. Қарсылас басымдық танытып, «Батыс» командасы күміс жүлдені қанағат тұтты.


Команда капитаны Арсен Төлешовтің айтуынша, әскери ұжымдар арасындағы бәсекелестік жылдан-жылға артып келеді.


Турнир өте тартысты өтті. Барлық командалар жақсы дайындалған. Екінші жыл қатарынан күміс жүлде алып отырмыз. Келесі жылы бірінші орын үшін бар күшімізді саламыз, - деді ол.
56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!