Otpan News Logo

Мейрамханаларда сұраныс артты: Ақтаудағы ауызашар бағасы қандай?

Мейрамханаларда сұраныс артты: Ақтаудағы ауызашар бағасы қандай?
Сурет автордан

Бүгін оразаның алғашқы күні. Күллі мұсылман жұрты үшін қасиетті Рамазан айында қоғамдық тамақтану орындарында ауызашарға деген сұраныс артады. Мейрамханалар мен дәмханалар арнайы мәзір әзірлеп, қосымша қызметкерлер тартуға кіріскен, деп хабарлайды otpannews.kz.


Ақтаудағы бірқатар мейрамханада ауызашар мәзірінің құны бір адамға 5 мың теңгеден басталып, 12 мың теңгеге дейін барады. Әдетте мәзір құрамына су, құрма, сорпа, ыстық тағам, салат, тәтті және нан кіреді. Кейбір орындар жеміс-жидек те ұсынады.


Ал жекелеген мейрамханалар мен салтанат залдарында арнайы бекітілген ауызашар мәзірі жоқ. Мұндай жағдайда дастархан тапсырыс берушінің қалауына қарай жасақталады. Мәселен, «Рауан» салтанат залында қонақтар тағам түрі мен көлемін өздері таңдайды. Баға да соған байланысты есептеледі. Сонымен қатар, Рамазан айына орай бір ай бойы 20 пайыз жеңілдік қарастырылған. Мейрамхана қызметкері Арайлым Нұрлаштың айтуынша, ауызашар кезінде сұраныс ерекше артады.


Қонақтар мәзірді өздері таңдайды. Қанша ыстық тамақ, қандай сусын қоятынын шешеді. Соған қарай есептейміз. Рамазан айында 20 пайыз жеңілдік бар. Қонақтарымыз көбіне қуырдаққа тапсырыс береді. Өткен жылы да ең өтімді тағам сол болды. Жалпы, бұл айда тапсырыс көп түседі. Егер көпшілікке ауызашар ұйымдастырғысы келетіндер болса, ондай тапсырыстарды да қабылдаймыз, - дейді ол.


Кәсіпкерлердің сөзінше, әсіресе жұма және демалыс күндері мейрамханаларда орын тапшылығы жиі байқалады. Осыған байланысты ауызашарды қоғамдық орында өткізуді жоспарлаған тұрғындарға алдын ала тапсырыс беруге кеңес береді.

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!