Ақтаудағы құрма бағасы: Сұранысқа ие құрма түрі қандай?
Әлемде құрманың 2000-нан астам түрі белгілі. Олар дәмі, түсі, жұмсақтығы мен көлемі бойынша ерекшеленеді. Біздің ел нарығында тұрақты түрде 20-ға жуық түрі кездеседі. Ақтаулықтар тұтынатын құрмалар қай елден келеді және тұрғындар құрманың қай түрін тұтынатынын otpannews.kz сайтының тілшісі анықтап көрді.
Елімізге құрма негізінен Иран, Сауд Арабиясы, Израиль, Алжир елдерінен келеді. Ақтау дүкендерінде құрманың 10-нан астам сортын кездестіруге болады. Дүкен сатушысы Гүлзардың айтуынша, ең көп сұранысқа ие құрмалар – Король құрмасы мен ажуа құрма.
“Ең қымбат құрма – Король құрмасы, бағасы – 6000тг. Ажуа құрмасы - 5300тг, ал ең арзаны – қорапшаларға салынған құрмалар, бағасы – 850 теңге. Құрма –жыл бойы сұранысқа ие өнім. Рамазан айында ғана емес, кез келген той-томалақ, отбасылық жиындарда дастарханға ұсынылады. Оның денсаулыққа пайдасы да мол”,- деді сатушы Гүлзар Алламбергенова.
59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев