Otpan News Logo

Газ саласының қызметкерлері референдумге барады

|
24.02.2026 17:18
Газ саласының қызметкерлері референдумге барады

Республикалық коалицияның мүшелері Сүйіндік Алдашев, Бекбол Орынбасаров, өңірлік коалицияның төрағасы Нұрбек Қарасаев, Конституциялық комиссияның мүшесі Жаңбырбай Матаев Жаңаөзен қаласындағы «ҚазГӨЗ» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.


Коалиция мүшелері жаңа Конституцияның Преамбуласында адамның құқығы мен бостандығына алғаш рет мемлекеттік кепілдік берілгенін, адвокатураның мәртебесі конституциялық деңгейде бірінші рет жеке баппен бекітілгенін жеткізді. Бұл өзгеріс адвокаттар қызметінің тәуелсіздігін, азаматтарға құқықтық көмекті жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік беретіні айтылды. Спикерлер жаңа Конституция жобасында көрсетілген еңбек ету, әлеуметтік қолдау, цифрлық даму жөніндегі нормаларды атап өтті.


Коалиция мүшелері «ҚазГӨЗ» ЖШС жұмысшыларына Ата заңның жобасын қолдау арқылы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен заң үстемдігі қалыптасатындығын жеткізді.

233
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!