Otpan News Logo

Биыл Отпан таудағы мерекені Тәзіке ата ұрпақтары ұйымдастырады

Биыл Отпан таудағы мерекені Тәзіке ата ұрпақтары ұйымдастырады
ашық дереккөзден

Маңғыстауда 13–14 наурыз күндері көктемнің шуақты мерекесі – Амал күніне орай «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ауқымды халықаралық іс-шара ұйымдастырылады. Мерекені Тәзіке ата ұрпақтары жоғары деңгейде өткізуге бастамашы болып отыр, деп хабарлайды otpannews.kz  Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Екі күнге жоспарланған мерекелік бағдарлама ұлттық рух пен салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған мазмұнды іс-шараларға толы болмақ. Атап айтқанда, қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тарту сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Сонымен қатар жыр-терме кеші, қолөнер көрме-жәрмеңкесі, аналар шеруі және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.


Халықтың бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін «Бірлік» отын жағу рәсімі 13 наурыз күні өтеді.


Ат спорты да мерекенің басты көрігіне айналады. Құнан бәйге (7 шақырым), топ бәйге (12 шақырым), аламан бәйге (18 шақырым) жарыстары өтеді. Аламан бәйгенің бас жүлдесіне автокөлік тігіледі.


Ат жарыстары 14 наурыз күні, сағат 10:00-де Жыңғылды ауылдық округіндегі атшабар алаңында басталады. Спорттық іс-шаралар да 14 наурыз күні сағат 10:00-де Қарашаңырақ алаңында басталады.


Марапаттау рәсімі сағат 12:00-де Адай ата отпан тау Қара шаңырақ алаңындағы мінбеде өтеді.


Ұйымдастырушылар, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, бірлік пен татулықты нығайтатын бұл халықаралық мерекеге барша тұрғындар мен қонақтарды қатысуға шақырады.


Өтетін орны: «Адай ата – Отпантау» тарихи-мәдени кешені

Күні: 13–14 наурыз


365
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!