Otpan News Logo

Бейнеуде Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» драмасы сахналанды

|
08.02.2026 15:21
Бейнеуде Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» драмасы сахналанды

Бейнеу ауданында халықтық атағы бар «Ақжігіт» драма ұжымы көрерменге Әбіш Кекілбаевтың  «Бір шөкім бұлт» драмасын ұсынды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.  


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сай, қойылымда соғыс жылдарындағы ауыр тағдыр, адам жанының жарасы мен ішкі қайғысы Аққаймақ бейнесі арқылы шынайы  ашылды.


Драмада үміт пен үмітсіздік, сабыр мен күйзеліс қатар өріліп, соғыс салған іздің бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның тағдырына әсер еткені көркем тілмен бейнеленді. Сахналық шешімдер, актерлік ойын және эмоциялық тереңдік көрерменді бейжай қалдырмай, әр көрініс арқылы ойға жетеледі.

447
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!