Otpan News Logo

Бейнеу – Ташкент арасында жаңа халықаралық пойыз қатынайды

|
23.11.2026 09:22
Бейнеу – Ташкент арасында жаңа халықаралық пойыз қатынайды

OTPANNEWS.KZ. - 17 желтоқсаннан бастап Ташкент – Астрахань бағытында жаңа халықаралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды. №149/150 пойызының аралық аялдамалары қатарында Ақсарай, Ганюшкино, Атырау, Бейнеу және Самарқанд станциялары бар. Бейнеу арқылы өтетін бағытты Маңғыстау тұрғындары да пайдалана алады.


Жаңа кестеге сәйкес, №150 пойызы Ташкент қаласынан әр бейсенбі күні сағат 18:00-де жолға шығып, сенбі күні сағат 19:00-де Астрахань қаласына жетеді.


Ал кері бағыттағы №149 пойызы 20 желтоқсаннан бастап қатынайды. Ол Астрахань қаласынан әр жексенбі күні жөнелтіледі.


Пойыз аптасына бір рет қатынап, жолаушыларға купе және плацкарт вагондары ұсынылады. Пойыз құрамы барлығы 14 вагоннан тұрады. Оның ішінде 4 купе вагоны, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған 1 арнайы вагон және 9 плацкарт вагоны бар.


Билет сату пойыздың жөнелтілуіне 45 күн қалғанда ашылады.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!