Otpan News Logo

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

|
22.11.2026 11:33
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

Конституция – мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін басты құжат. Сондықтан Ата Заңға енгізілетін өзгерістер заман талабына сай болып, халықтың сұранысы мен мүддесін ескеруі керек деп ойлаймын. Жаңа Конституция елдің алдағы даму жолын айқындап, қоғамдағы маңызды құндылықтарды бекемдей түседі деген сенімдемін.


Бүгінде еліміз үшін тұрақтылықты сақтау, азаматтардың құқығын қорғау және әр адамға тең мүмкіндік беру аса маңызды. Әсіресе, өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, қабілетіне қарай дамуына жағдай жасалуы қажет. Себебі елдің ертеңі – бүгінгі жасалып жатқан мүмкіндіктерге байланысты.


Мен үшін жаңа Конституцияның басты мәні – халықтың әл-ауқатын арттыруға, қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершілікті нығайтуға қызмет етуі. Заң талаптары өмірде нақты орындалып, әр азамат оның игілігін сезінсе, бұл еліміздің дамуына жасалған маңызды қадам болмақ.


Жанаргүл Анисова,

қала тұрғыны

6
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!