Otpan News Logo

Батыр ауылының тұрғындары референдумге барады

|
24.02.2026 14:35
Батыр ауылының тұрғындары референдумге барады

Мұнайлы ауданы Батыр ауылында облыстық коалиция мүшелері жаңа Конституция негіздерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, коалиция мүшелері Батыр ауылының тұрғындарымен және №20 мектептің еңбек ұжымымен арнайы кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – алдағы республикалық референдум қарсаңында жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын кеңінен түсіндіру, азаматтардың пікірлерін тыңдау және ұсыныстарын талқылау.



Жиынға облыстық коалиция мүшелері Нури Тумышев, Киікбай Ешманов, Жанара Жумашева, Рашид Тулеугалиев, ауылдан сайланған аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Сарбасов, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында көзделген өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызы жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.


Аталған референдум аясында азаматтар бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдау мәселесі бойынша өз таңдауларын білдіреді.


Референдумға 18 жасқа толған республика азаматтары қатыса алады. Дауыс беру ерікті түрде жүзеге асырылады және жалпыға бірдей, тең, тікелей әрі жасырын дауыс беру қағидаттары сақталады.


Референдум бюллетенінде мынадай сұрақ ұсынылады. «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»


Республикалық референдум – елдің құқықтық дамуына қатысты маңызды қадам.

750
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!