Балаларды ұрлап, пәтер тонайды: ІІМ әлеуметтік желіде тараған фейкті жоққа шығарды
ашық дереккөзден
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атынан тарап жатқан хабарлама шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ақпаратқа сәйкес, үйдің есігін әрдайым жабық ұстау, Сирия немесе Ауғанстаннан келген адамдармен жақын байланысқа түспеу ескертілген. Сондай-ақ, онда былай делінген:
«Егер 3-4 адам өздерін су немесе электр энергиясымен қамтамасыз ететін компания («Эссом») қызметкеріміз деп таныстырып, үйіңіздегі шамдарды тегін ауыстырып беруді ұсынса, оларды ішке кіргізбеңіздер. Мұндай жағдайлар бірнеше жерде орын алды. Олар-ұрылар мен бала ұрлаушылар. Олар сізге қарумен қоқан-лоққы көрсетуі мүмкін».
Ішкі істер министрлігі мигранттар мен балаларды ұрлау туралы мессенджерлерде тараған бұл «ескертудің» жалған екенін мәлімдеді.
«Ведомство мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және тексерілмеген хабарламаларды таратпауды сұраймыз. Күдікті жағдайлар туындаса, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыздар. Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», -делінген министрлік хабарламасында.
244
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев