Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Алматы – Ақтау бағытындағы ұшақтан ақау шықты

|
01.09.2025 13:40
Алматы – Ақтау бағытындағы ұшақтан ақау шықты
видеоскрин

31 тамыз күні Air Astana әуе компаниясының Алматы – Ақтау бағытындағы КС 859 рейсі техникалық ақауға байланысты ұшу кезінде кенеттен төмендей бастаған, деп хабарлайды otpannews.kz.


Рейс бортынан түсірілген видео ztb.kz парақшасында жарияланды. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ көтеріле бастағанда салонында түсініксіз дыбыстар естілген. Ал 30–40 минуттан кейін ұшақ күрт төмендей бастаған.


Ztb.kz жазуынша, авиакомпанияның баспасөз қызметі жағдайды растады: 

«Экипаж техникалық ақау туралы хабарлап, нұсқаулыққа сәйкес қонуды сұрады. Содан кейін ұшақ қауіпсіз биіктікке дейін төмендеп, Ақтау әуежайына сәтті қонды», – делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта әуе кемесіне арнайы тексеріс жүріп жатыр.


Ал Ақтау – Алматы бағытындағы КС 860 рейсінің жолаушылары басқа ұшақпен жөнелтілді.

103
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!