Otpan News Logo

Ақтаулық педагогтер референдумда өз таңдауын жасамақ

Ақтаулық педагогтер референдумда өз таңдауын жасамақ

Өңірлік коалиция мүшелері Абзал Марат, Татьяна Мурадян, Амангүл Жайылханова және Таги Тагиев мектеп ұжымымен кездесіп, Конституция жобасының негізгі ерекшеліктерін, енгізілетін өзгерістердің мәні мен референдумға қатысудың маңызын жан-жақты түсіндірді, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Кездесу барысында ұстаздар жаңа редакциядағы Конституция құрылымымен танысып, құжатта қазіргі қоғам үшін өзекті мәселелерге басымдық берілгенін атап өтті. Әсіресе, білім беру саласына айрықша назар аударылғаны педагогтер тарапынан оң бағасын алған.


Жаңа Конституцияның құрылымымен танысып шықтық. Бұрын жеткілікті деңгейде мән берілмеген, алайда бүгінгі қоғам үшін маңызды мәселелер қамтылған. Білім саласына ерекше көңіл бөлінгені қуантады. Референдум – еліміз үшін маңызды қадам. Уақыт өткен сайын мемлекет те жаңарып, дамып отыруы тиіс. Егер біз ескі жүйеде қалып қойсақ, дамудың алдыңғы қатарынан көріну қиын болар еді. Сондықтан Конституцияны жаңарту – заман талабы. 15 наурызда өтетін референдумға қатысып, өз таңдауымызды жасаймыз, – деді №35 мектептің мұғалімі Ұлдай Дауылова.


Ұстаздардың айтуынша, референдум – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін жауапты әрі маңызды шешім қабылдайтын сәт.

213
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!