Otpan News Logo

Ақтаулық креаторлар референдумға барады

|
25.02.2026 14:56
Ақтаулық креаторлар референдумға барады

25 ақпан күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымымен өңір креаторларына Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме беріп.


Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның мазмұнын кеңінен түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділікті дамыту. Атап айтқанда, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту және халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері көтерілді.


Іс-шараға коалиция мүшелері қатысып, жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп, кітапхана ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар берді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.

198
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!