Otpan News Logo

Ақтаудағы жеке сектор өкілдері референдумда дауыс береді

|
25.02.2026 09:51
Ақтаудағы жеке сектор өкілдері референдумда дауыс береді

Ақтау қаласындағы «Caspiy Kapital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымына Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның мазмұнын кеңінен түсіндіру және азаматтық белсенділікті дамыту. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған нормалар, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.


«Caspiy Kapital» ЖШС ұжымы референдумға белсенді қатысатынын және Конституцияға енгізілетін өзгерістерді толық қолдайтынын білдірді.

232
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!