Otpan News Logo

Ақтауда жас сақшы полицейлермен бірге сап түзеді

Ақтауда жас сақшы полицейлермен бірге сап түзеді

Ақтау қаласында өткен саптық жиын барысында кішкентай Бек Әлиұлы тәртіп сақшыларымен бірге сапқа тұрды, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымына қарасты полиция қызметкерлері, жол-патрульдік полиция және арнайы жасақ өкілдері қатысты. Салтанатты сап түзеу кезінде құқық қорғау қызметкерлері бір мезетте адымдап, әскери тәртіптің үлгісін көрсетті. Қатарда тұрған Бек Әлиұлы да бойын тіктеп, әскери сәлем беріп, өзін ел қорғандарының қатарында жүргендей сезінді. Полковникпен иық тірестіре тұрған сәт оның есінде ерекше әсермен сақталды. 


"Бүгін мен полиция ағалармен бірге сапқа тұрдым. Олармен қатар тұру мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен де өскенде елді қорғайтын, әділ полиция қызметкері болғым келеді. Өйткені заң - бәрімізге ортақ", - деді Бек Әлиұлы.
337
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!