Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда белгілі сатирик-журналист Қожаахмет Демеубергенұлының шығармашылық кеші өтті

Ақтауда белгілі сатирик-журналист Қожаахмет Демеубергенұлының шығармашылық кеші өтті

Ақтауда Қазақстанның құрметті журналисі, телеарна ардагері, қаламгер Қожаахмет Демеубергенұлының «Қамшы» болдым халқыма» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қожаахмет Демеубергенұлы — өңірдегі тележурналистиканың қалыптасуына үлес қосқан тұлғалардың бірі. Ол ұзақ жылдар бойы облыстық телеарнада қызмет етіп, бірнеше деректі фильм мен авторлық бағдарламаны жарыққа шығарды. Қызмет еткен жылдары аймақтың қоғамдық өмірін, рухани құндылықтарын, елдің мәселесін кеңінен көтерді.


Шарада қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолын қамтитын арнайы бейнеролик көрсетілді. Онда ардагердің журналистикаға алғаш қадам басқан жылдарынан бастап, кейінгі еңбектері қамтылды.


Шығармашылық кеш барысында Қожаахмет Демеубергенұлы жиналған көрерменге алғысын білдірді.


30 жылдан аса уақыт телеарнада журналист болып еңбек еттім. Журналист қай жағдайда да халықтың алдында жүреді. Осы жолда елдің сөзін сөйлеп, халықтың пайдасына жарайтын дүниелер жасауға тырыстым. Бұл кеш — мен үшін үлкен мәртебе. Елдің құрметі — ең үлкен сый, – деді ардагер журналист.


Шығармашылық кештің арнайы қонақтары да Қожаахмет Демеубергенұлының қазақ журналистикасына қосқан үлесіне жоғары баға берді.


Қожаахмет ағамыз – өңір журналистикасының қарашаңырағын көтерген тұлғалардың бірі. Оның әр материалы – аймақтың тарихы, елдің шежіресі. Ағамыз өңірге танымал тележурналист, бірнеше жыл бойы халыққа қажет дүниелерді жарыққа шығарды. 90-жылдары көптеген игі іс атқарды. Соның ішінде Пір Бекет туралы деректі фильмі мен 20-дан аса авторлық бағдарламасы — баға жетпес еңбек. Ал «Қамшы» бағдарламасы халықтың жүрегінен орын алып, ағамызға «Қамшы» деген ат алып келгені де бекер емес, – деді Ерлан Биғожаев.
74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!