Otpan News Logo

«Akkala Mall» сауда орталығында облыс тұрғындары референдумға шақырылды

«Akkala Mall» сауда орталығында облыс тұрғындары референдумға шақырылды

Ақтауда өңірлік коалиция мүшелері «Akkala Mall» сауда орталығында тұрғындарға жаңа Конституция жобасының маңыздылығын түсіндіріп, ақпараттық парақшалар таратты. Іс-шараға Съезбек Карипов, Гүлмира Жанысбаева, Жақсыгүл Маханбетова және Самал Қожабай қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Коалиция мүшелері сауда орталығының сатушылары мен тұрғындарды 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды.


Референдумға барып өз таңдауымды жасаймын. Өйткені бұл еліміз үшін, бала-шағамыз бен өзіміздің болашағымыз үшін маңызды сәт, - деді Жетібай ауылының тұрғыны Нұрбол Шамунов.


Коалиция мүшелері тұрғындардың белсенді қатысуы референдум нәтижесіне әсер ететінін және азаматтарды өз пікірін білдіруі маңызды екенін айтып отыр.


Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдау мақсатында маңғыстаулық тұрғындарды таңдау жасауға шақырып, агитациялық парақтарды тараттық. Халық, әсіресе жастар 15 наурызда өз таңдауын жасайтынын айтып жатыр, - деді өңірлік коалиция мүшесі Самал Қожабай.
311
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!