Ақтауда 6 жасар қыз қайтыс болды: Әкесі дәрігерлерді тексеруді сұрады
Ақтау тұрғыны Ислам Шыңғысов «Президентке хаттар» телеграм-каналына видеоүндеу түсірді. Екі рет жедел жәрдем шақырып, тиісті көмек көрсетпеген салдарынан 6 жасар қызынан айырылып қалғанын айтты. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ислам Шыңғысов өз үндеуінде қызының денсаулығына жеңіл қараған дәрігерлердің әрекетін айтып, Қазақстан Республикасының Президентіне мәселені бақылауға алуды және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалау бойынша шаралар қабылдауды өтініп жүгінеді.
«Түнгі сағат екіде ортаншы қызымның қызуы көтерілді. Әдеттегідей ибуфен дәрісін бердік. Осыдан кейін бала ұйықтап қалды, кешкі сағат 7 шамасында қызым оянып, су ішіп, өзін жақсы сезінген сияқты болды. Бірақ қызуы қайтадан 38-39 градусқа дейін көтерілді. Сағат ондардың шамасында температура түспегендіктен жедел жәрдем шақыруға тура келді. Оларда балаларға укол салуға тыйым салынған көрінеді. Қызыма укол салмады, дәрі бермеді. Жедел жәрдем қызметкерлері баланы жай ғана құрғатып, ыстық түсіретін дәрі беруге кеңес беріп, кетіп қалды. Олар кеткеннен кейін шамамен бір сағат өткен соң, қызымның денесі басынан аяғына дейін күлгін түске, содан кейін қызыл және көк түске айнала бастады. Біз қорқып, қайтадан жедел жәрдем шақырдық, сол бригададағы екі жас жігіттен қайта келді. Қызымның жағдайын көріп, оны ауруханаға апаруды ұйғарды, оны киіндіру кезінде 16 желтоқсанда түнгі сағат 12-де оның құрысулары басталып, көз алдымызда айырылып қалдық. Жедел жәрдем қызметкерлерінде авариялық құрал-жабдықтар, ауамен қамтамасыз ету апараты жоқ, ештеңе білмейді. Олар бейне қоңырау шалып, әріптестерімен сөйлесіп, не істеу керектігін сұрады. Содан кейін көмекке екінші топты шақырды. Олар көлікпен келем дегенше мен қызымнан айырылдым», - дейді әкесі.
Осылай бейне жазба жазу арқылы ол қайғысымен бөлісті. Ол өзінің қайғысымен бөлісіп, кінәліні анықтап қана қоймай, қайғылы жағдай орын алмас үшін жедел жәрдем көлігінің жұмысын жүйелеуге, оның жабдықтарын түгендеп және дәрігерлердің біліктілігін тексеруге негіз болады деп үміттенеді.
«Осы іс мемлекеттік деңгейде маңызды болып, барлық жауаптылар жауапқа тартылуы үшін бейне хабарлама ұсынғым келеді. Маған өлім себептері бойынша сараптама бір айдан кейін ғана дайын болады деді. Мәйітхананың әріптестеріне жасыртып, «оны жазатайым оқиғаға» жатқызуы мүмкін.
Президент мырза, бұған жол бермейсіз деген үміттенемін. Мен бұл істің жай жабылғанын қаламаймын. Біз Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын реттеп, түзетуіміз керек. Өйткені бүгінде жедел жәрдем қызметкерлері мүлдем тәжірибесіз жас мамандар. Бұлай болмауы керек. Неге укол салмайды? Балаларымыздың өміріне қандай үнемдеу бар? Президент Қасым Жомарт Кемелұлы, осы мәселені өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын», - деді Ислам Шыңғысов.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы орын алған қайғылы жағдайға байланысты, ата-анасына, туған туыстарына көңіл айтты.
«Басқарма тарапынан және "Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" орын алған жағдай бойынша қазіргі уақытта ішкі-талдау, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Заңға сәйкес қорытынды шешімі бойынша ақпарат медициналық сараптамадан кейін беріледі»,-деді денсаулық сақтау басқармасы.