Otpan News Logo

Бейнеуде мәдениет қызметкерлері сенбілікке шықты

|
19.10.2024 00:00
Бейнеуде мәдениет қызметкерлері сенбілікке шықты

Бүгін “Бейнеу мәдениет” МКҚК қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Жалпы аудандық сенбілік барысында кәсіпорынға қарасты аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мәдениет қызметкерлері сенбілікте шыға отырып, экология мәдениетін қалыптастыру және табиғатты аялау маңызды екенін басты назарда ұстады.


«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты. Себебі әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – тұтас қала мен ауылдың айнасы. Ұлы жол алғашқы қадамнан басталады. Осы ретте, тазалық айлығы аясында аудан халқы, аудан жастары туған жерді түлетуге атсалысады.

29
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!