Otpan News Logo

Маңғыстауда референдум қорытындысы талқыланды

Маңғыстауда референдум қорытындысы талқыланды

Достық үйінде облыстық ҚХА және оның құрылымдары мүшелерінің қатысуымен Референдум қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Аталған іс-шарада Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов пен облыстық «Чернобыль» ұйымы төрағасының орынбасары Юрий Кержбаум сөз сөйледі.


- 6-қазан күні жалпыұлттық Референдум өтті. Мемлекет басшысы қазақ халқының пікірін біліп, шешім қабылдауды дұрыс деп таныды. Бұл халықпен санасу, құрметтеу дегенді білдіреді. АЭС құрылысын салуға референдум қорытындысы бойынша оң шешім шықты.  Референдум ешқандай құқық бұзушылықсыз тыныш өтті, - деді Оңайбек Әбділов. 


Айта кетейік, еліміздің барлық өңірлерінде дауыс берген азаматтардың 71, 12% Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдап дауыс берді.


- Көпшілік Чернобыль тағдыры қайталануы мүмкін деп қорқады. Бірақ апат салдарын жоюға қатысқан ардагер ретінде айтарым ол апат адам ағаттығынан, үйреніп жүрген жас мамандардың қателігінен болған. Ал біздің елімізде АЭС құрылысы жаңа технологиямен салынып, білікті мамандар қызмет ету қадағаланады. Атом энергетикасы саласындағы кадрлық әлеуетіміз зор деп есептеймін. Референдумда халықтың ойы оң шешім шығарды. Енді алдағы уақытта тиянақты зерттеулер жүргізіліп, қашан қалай салынатыны белгілі болады, - деді Юрий Кержбаум.


Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан елдегі ендігі АЭС құрылысы қатысты жұмыстарға байланысты сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алды.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!