Главная | Қазақстан жаңалықтары
Ақтауда есірткі қылмысына қатысы бар 2 адам сотталды
Ақтауда көкшетаулық тұрғындар есірткі қылмысы үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды otpannews.kz.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, мамыр айында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 36 жастағы көкшетаулық екі тұрғынды ұстаған.
«Күдіктілердің жалдамалы пәтерлеріне тінту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 415 грамм «мефедрон» есірткі заты мен 13 грамм «кокаин», сондай-ақ есірткіні орауға арналған қажетті құралдар тәркіленді. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен күдіктілер есірткі, психотроптық заттарды, өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу дерегі бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады», - деп жазылған полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
28
Басты жаңалықтар
Танымал
06.09.2026 22:26
06.09.2026 20:33
06.09.2026 15:38
06.09.2026 13:02
06.09.2026 13:02
06.09.2026 11:37
06.09.2026 10:56
05.09.2026 16:34
05.09.2026 13:22
05.09.2026 12:45
05.09.2026 12:44
05.09.2026 10:58
05.09.2026 10:54
05.09.2026 10:06
05.09.2026 08:36
04.09.2026 21:04
04.09.2026 16:49
04.09.2026 16:04
04.09.2026 16:03
04.09.2026 16:03
31.08.2026 11:33
01.09.2026 14:39
05.09.2026 12:44
01.09.2026 10:25
31.08.2026 09:40
03.09.2026 09:50
03.09.2026 09:29
31.08.2026 17:20
01.09.2026 14:40
03.09.2026 11:36
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев