Жұмысшы мамандықтар жылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды
2025 жылы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен, «Риза-ана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өңірде, «Аймақтағы жұмысшы жастардың әлеуетін арттыру» басым бағыты бойынша, «Жұмысшы мамандықтар жылы – жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» жобасы жүзеге асты. Жобаның мақсатты тобы: Маңғыстау өңірінің жұмысшы жастары.
Жобаның мақсаты: Аймақ жастарының арасында жұқмысшы мамандықтарды насихаттау, жұмысшы жастарға арналған мәдени-спорттық, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, жұмысшы жас мамандардың қоғамдағы рөлін арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізу. Мақсатты топ – облыстың жұмысшы жастары.
Жоба аясында бірінші міндет бойынша «Қаражамбас Мұнай» АҚ, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Oil Service Company» ЖШС, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰҚ АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ МОФ, мекемелері арасында жас мамандармен жұмыс жүргізу бойынша үздік кәсіпорынды анықтайтын байқау ұйымдастырылды. Екінші міндет бойынша Аймақтағы жұмысшы жас мамандардың қатысуымен барлық елді-мекенді (2 қала және 5 аудан) қамтитын кәсіби бағыт-бағдар беру туры өткізіледі; Түпқараған, Мұнайлы, Қарақия, Жаңаөзен, Ақтау, Бейнеу, Маңғыстау ауданы. Барлығы 7 тур өтті қамтылған жастар саны 500 ден асып кетті.
Үшінші міндет бойынша Маңғыстау облысындағы жұмысшы жастарға арналған әр іс-шараға кемінде 100 маманның қатысуымен кемінде 2спорттық, 2 зияткерлік іс-шара, кемінде әр іс-шараға 50 маманның қатысуымен 3 трениң ұйымдастырылды.«Қаражамбас Мұнай» АҚ, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Oil Service Company» ЖШС, «Казмортрансфлот » ҰҚ АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ МОФ, Волейбол және минифутболдан турнир. «Айқас» интеллектуалды ойыны – 2 рет. Тимур Бектур – 1 тренинг, Қайрат Хасанов – 1 тренинг , Асель Тулеугалиева – 1 тренингтері өтті. Төртінші міндет бойынша Маңғыстау облысындағы жұмысшы мамандардың қатысуымен ауқымды инновациялық шешімдер байқауы және жәрмеңкесі ұйымдастырылды. ; Салтанат сарайында байқау өткізу кофе – брейк, марапаттауды тапсырыс берушінің ұсынысымен 25 қазан Республика күніне орай өтетін Маңғыстау облысындағы кемінде 300 жұмысшы жастың қатысуымен өңірлік жұмысшы жастар жиынында ұсынды. Одан бөлек жұмысшы жастарға ағартушылық бағытта Санжар Керімбай келіп «Жұмабек және жер майдан» кітабымен таныстыру шарасы өтті.