Маңғыстауда «Жомарт жан» сыйлығының лауреаттары марапатталды
Маңғыстауда «Жомарт жан» сыйлығының лауреаттарын дәстүрлі марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі М. Әзілханов және Парламент Сенатының депутаттары қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.
Іс-шараның мақсаты – халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету.
Салтанатты жиында меценатттар «Жылдың үздік қамқоршысы», «Жыл меценаты», «Жылдың үздік ұйымы», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жомарт жан» сыйлығы» номинациясы бойынша марапатталды. Атап айтқанда:
• «Жылдың үздік қамқоршысы» — Вадодария Хитеш Чандра, Гайбатов Руслан Шахларович, Қанбаев Дәулет Әнесұлы;
• «Жыл меценаты» — Әбу Ысқақ Жақсыгелдіұлы, Натрошвили Арчил Шотаевич, Тилепов Наурызбек Билялович;
• «Жылдың үздік ұйымы» — Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті, Ақтау қаласы «Берекет Ф» ЖШС және Жаңаөзен қаласы «Бұрғылау» ЖШС;
• «Туған өлке» — Адеков Нұрлыбек Қыдырғалиевич, Кошыева Тамара Осербаевна, Мухаммедов Нуржан Сюндикович;
• «Жыл тұлғасы» — Белшер Нұрлан Түкмағанбетұлы, Сәрсенбай Нұрпейіс Мизанбайұлы, Тагиев Таги Зиреддиноглы;
• «Жомарт жан» сыйлығы» — Риза Сүйіндік Қайырғалиұлы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Әзілханов өңірдегі қайырымдылық пен қоғамдық бастаманв қолдаған азаматтарға алғысын білдірді.
Қайырымдылықпен айналысу, қоғамның осал топтарындағы азаматтарға көмек көрсету - Қазақстан халқы Ассамблеясының басты ұстанымы. Ассамблея 2025 жылдан бастап «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясын ұйымдастырып келеді. Осы уақытқа дейін мыңдаған отбасы мен азамат көмек пен қолдауға ие болды. Бұл бастама қайырымдылық мәдениетін дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және өзара жәрдемдесу дәстүрін арттыруға бағытталған. Жалпы айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» - мейірімділік пен ізгіліктің жарқын көрінісі. Жаңашылдық пен жомарттық - ұлтымыздың ұлылығын танытатын асыл қасиеттер. Бірлік пен бейбіт өмірдің негізі де осы адамгершілік құндылықтарында. Құрметті қайырымдылық жасаушылар мен волонтерлар сіздердің әрекеттеріңіз бәрімізге үлгі. Кең пейілдеріңіз, халқымыздң бірлігіне қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды айтамыз, - деді Марат Әзілханов.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының «Жомарт жан» орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай 1 наурыз — Алғыс айту күні басталған «Қайырымдылық керуені» аясында «30 игі іс» жобасын қолға алды. Сол уақыттан бері өңірде жақсылық пен мейірімге толы көптеген игі іс жүзеге асырылып келеді.