Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ассамблея мен Сенат өкілдері Маңғыстаудағы сүт зауытының жұмысымен танысты

Ассамблея мен Сенат өкілдері Маңғыстаудағы сүт зауытының жұмысымен танысты

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.А. Әзілханов пен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі – «Берекет-Ф» ЖШС-ға барды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Делегация мүшелері зауыттың өндірістік цехтарын аралап, ондағы жұмыс барысымен және қызметкерлердің ахуалымен танысты. «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай Ассамблея өкілдері мен сенаторлар кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, отандық өнімнің сапасын арттырудағы жұмысшылардың рөлін ерекше атап өтті.


«Берекет-Ф» ЖШС - 1997 жылдан бері табиғи сүт өнімдерін шығарып келе жатқан отандық кәсіпорын. Аймақта кеңінен танымал «Ақ-Нек» сауда белгісі осы кәсіпорынға тиесілі. Бүгінде зауыт тұтынушыларға тан, айран, құрт, сүзбе, био-қаймақ, түрік айраны, қаймақ, ірімшік және өзге де сүт өнімдерін ұсынады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 5–7 тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді.


Кәсіпорынның басты қағидаты — табиғилық пен сапа. Біз тұтынушыларға таза әрі табиғи өнім ұсынуды басты міндетіміз деп білеміз. Өндірісте қолданылатын шикізат та, технология да қатаң бақылауда. Қазіргі уақытта жұмысшыларымыздың үздіксіз еңбегі кәсіпорынның дамуына серпін беріп отыр. «Берекет-Ф» ЖШС – Маңғыстау өңірінің мақтанышы әрі тұрақты дамып келе жатқан өндіріс орындарының бірі, – деді мекеме басшысы Зарета Фаталиева.
24
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!