Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда студенттер шағын футболдан сынға түсті

|
18.11.2025 10:33
Ақтауда студенттер шағын футболдан сынға түсті

17 қараша студенттер күніне орай Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен қаладағы бірқатар колледж студенті арасында шағын футболдан достық кездесу өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.  


Ақтау қаласы әкімдігінің хабарлауынша, спорттық шара жастар арасындағы достықты нығайтуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге және спортқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. 


Тартысты өткен ойынның нәтижесінде:

1-орын — Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі;

2-орын — Каспий өңірі “Болашақ” колледжі;

3-орын — Асмет Ұлас жоғары педагогикалық колледжі иеленді. 


Сондай-ақ жарыста үздік ойыншылар анықталып, арнайы номинациялар бойынша марапатталды:  

* Үздік қақпашы — Қуанышев Ерлан  

* Үздік ойыншы — Жұмабеков Ерасыл  

* Үздік бомбардир — Шадкам Мырзабек  

* Үздік қорғаушы — Григорьев Андрей  


Шара соңында командаларға кубоктар, медальдар және арнайы сыйлықтар табысталды.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!