Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды
Ақтауда түнгі уақытта жанармай құю бекетінде жасалған қарақшылық шабуылдың күдіктісі оқиға өткесін 1 сағат ішінде құрықталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, қорқыту арқылы ақша талап еткен. Ол кассадағы қолма-қол қаражатты алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдарының жедел іс-қимылының нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз әрекетін толық мойындады,- деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің өкілдері.
13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев