Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Нұрдәулет Қилыбай: Біздің мақсатымыз - Қарақия ауданының тұрғындарын жұмыспен қамтуды арттыру, жергілікті кадрлардың әлеуетін көтеру

|
18.11.2025 11:04
Нұрдәулет Қилыбай: Біздің мақсатымыз - Қарақия ауданының тұрғындарын жұмыспен қамтуды арттыру, жергілікті кадрлардың әлеуетін көтеру

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданда қызмет ететін ірі өндірістік мекемелермен жергілікті жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту және халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ірі өндірістік мекеме басшыларымен кездесуде аудан әкімінің орынбасары М. Төлегенов жыл соңына дейін және 2026 жылы табиғи кему есебінен босайтын орындарға қатысты кәсіпорындардың жоспарланған вакансиялары туралы ақпарат берді. Сонымен бірге өрт сөндіру қызметі мен шекара бөлімшесіндегі бос жұмыс орындары туралы айтты.



Кездесуде Нұрдәулет Қилыбай жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар өңірде жұмыс істейтін кәсіпорындардың әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосудың маңыздылығына тоқталды.


- Қарақия ауданында жұмыс істеп тұрған барлық мұнай-газ және өндірістік кәсіпорын босайтын жұмыс орындарын белгіленген мерзім ішінде Қарақия аудандық мансап орталығына ұсынуы тиіс. Сондай-ақ ұсынылған вакансияларға тестілеуден немесе сұхбаттасудан өтпей қалған азаматтарға да мүмкіндік берілуі керек. Компаниялар өз қаражаты есебінен мұндай азаматтарды қысқа мерзімді курстарда оқыту немесе балама үміткерлерді қарастыру арқылы жұмысқа қабылдауды қамтамасыз етсін. Біздің басты мақсатымыз — аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуды арттыру, жергілікті кадрлардың әлеуетін көтеру» — деді облыс әкімі.



Осыдан кейін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жетібай ауылының ақсақалдармен және жұмыссыз азаматтарымен кездесу өткізді. Бұл кездесу — бұған дейін аудан тұрғындарымен өткен жиында жетібайлық тұрғындардың өтініші бойынша берген уәдесі негізінде ұйымдастырылды. Жиында ауыл халқы негізінен жұмыссыздық және әлеуметтік мәселелерін көтерді. Аймақ басшысы аудан аумағында жұмыссыз тұрғындарды өндірістік кәсіпорындарға орналастыруды үйлестіретін арнайы жұмысшы тобы құрылғанын айтып, жұмысқа орналасу топ шешімімен әділ әрі ашық жүргізілетініне сенім білдірді.

41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!