Otpan News Logo

Өзенмұнайгазға қарасты компаниялардың қызметкерлері референдумға барады

|
02.03.2026 17:32
Өзенмұнайгазға қарасты компаниялардың қызметкерлері референдумға барады

Жаңаөзен қалалық коалиция мүшелері Химияландыру және экология басқармасында болды. Коалиция мүшелерін басқарма басшысы Нурбек Сюнов қабылдап, ұжым мүшелеріне алда өтетін маңызды саяси науқан – жаңа Конституция бойынша референдум туралы ақпарат берді.


Коалиция мүшесі Ғалым Байжанов өз сөзінде жаңа Конституцияда мемлекеттің ең жоғарғы құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені айқын көрсетілгенін атап өтті. Сонымен қатар, ол ел болып мемлекеттің басты құжатын қабылдауда белсенділік танытып, референдумға қатысуға шақырды.


Коалиция мүшелері Исенбай Қалдаманов, Райыс Мұқашова, Қосай Ізтлеуов және Гулназ Бөлекбаева да жиналғандарға жаңа Конституцияның маңызы туралы айтып, бейбіт және тұрақты ел, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолында әр азаматтың референдумға қатысуы маңызды екенін жеткізді. Олар 15 наурыз күні өтетін референдумға келіп, өз таңдауларын жасау – азаматтық жауапкершілік екенін атап өтті.


Коалиция мүшелері Конституция Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік құжаты екенін, оны құрметтеу және сақтау әр азаматтың міндеті екенін ерекше айтты.


Кездесу соңында басқарма басшысы ұжым қызметкерлері 15 наурыз күні өтетін референдумға қатысып, өз таңдауларын жасайтындарын білдірді.

98
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!