Otpan News Logo

«Қаражанбасмұнайға» жаңа бас директор тағайындалды

«Қаражанбасмұнайға» жаңа бас директор тағайындалды

«Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры болып Нұртаза Ибрашев тағайындалды. Жаңа басшыны компанияның ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов таныстырды, деп хабарлайды otpannews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұртаза Ибрашев 1984 жылы дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын бұрғышы көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары «КазбурГаз» және «Parker Drilling» компанияларында, Қашаған кен орны және Жемчужина сияқты халықаралық жобаларда, «Agip KCO», «Kаспий Mеруерті Oперейтинг Компани», «North Caspian Operating Company» мекемелерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 


2020-2022 жылдары ҚазМұнайГаз компаниялар тобында мұнай сервистік бағыттағы еншілес және тәуелді ұйымдарына жетекшілік еткен. 


Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «Мұнайтелеком» ЖШС бас директоры қызметін атқарған.

84
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!