Otpan News Logo

Маңғыстауда әлеуметтік орталықта балаларға арналған тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Маңғыстауда әлеуметтік орталықта балаларға арналған тоғызқұмалақ кабинеті ашылды

Маңғыстау облысының №3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тоғызқұмалақ кабинеті ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 


Жаңа кабинет балалардың стратегиялық ойлау қабілетін, шыдамдылығы мен өзін-өзі дамытуын қолдауға арналған. 

Ашылу рәсіміне өңір спортшылары, орталық ұжымы және тәрбиеленушілер қатысты. Қонақтар орталықпен танысып, балалармен және мекеме басшылығымен кездесті. 


Балалардың жан-жақты дамып, ұлттық құндылықтарымыз бен зияткерлік спорт түрлерімен танысуы біз үшін маңызды. Тоғызқұмалақ – шыдамдылыққа, стратегиялық ойлауға және өзіне деген сенімділікке үйрететін ойын, - деді кабинеттің ашылуына бастамашы болған Шынар Шәріпбайқызы.


Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Маңғұбаев тоғызқұмалақ кабинетінің ашылуына қатысты пікір білдірді.


Тоғызқұмалақ кабинетінің ашылуы — өскелең ұрпақты қолдаудағы маңызды қадам. Бірақ бүгінгі ең құндысы — балалардың шынайы эмоциялары, олардың күлкісі мен жанып тұрған көздері. Олардың қуанышы мен қызығушылығын көріп, біздің кім үшін еңбек етіп жатқанымызды түсінесің. Біз алдағы уақытта да балалардың дамуына және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдайтын боламыз, - деді Қанат Маңғұбаев.


Іс-шарада орталық тәрбиеленушілерінің өнер көрсетуі ерекше көңіл-күй сыйлады. Олар өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Жиын соңында Маңғыстау облысының спортшылары орталық ұжымына балаларды тәрбиелеу мен дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыстап, тәрбиеленушілерге естелік сыйлықтар берді.

123
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!