Otpan News Logo

Жаңаөзенде құқықтық кабинет ашылды

|
10.04.2026 21:19
Жаңаөзенде құқықтық кабинет ашылды

Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басшысы Асұлан Каримов Жаңаөзен қаласының Рахат және Кендірлі ауылында «Құқықтық кабинеттердің» ашылуына қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл кабинеттердің жұмысының мақсаты - шалғай елдімекендегі тұрғындарының құқықтық көмекке қолжетімділігін арттыру.


Сондай-ақ Әділет департаментінің басшысы Асұлан Каримов Жаңаөзенге сапар аясында мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, тұрғындардың құқықтық көмек алу мәселесін талқылады. Кендірлі ауылында ауыл тұрғындарын жеке қабылдап, заң тұрғысынан кеңес берді. Бұл іс-шараға Әділет органдарына қарасты адвокаттар алқасы, нотариаттық палата және жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері де қатысып, тұрғындарға тегін заң көмегін көрсетті.


Айта кетейік, қазір Маңғыстау облысы бойынша 48 елдімекенде құқықтық кабинет ашылды.

66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!