Otpan News Logo

«Таза Қазақстан»: Ақтауда «Таза қала» науқаны ұйымдастырылады

|
10.04.2026 16:05
«Таза Қазақстан»: Ақтауда «Таза қала» науқаны ұйымдастырылады
ашық дереккөз

11 сәуір күні Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шара Каспий теңізі жағалауында 15-шағын аудан «Самал-1»-ден бастап Амфитеатр алаңына дейінгі аралықта сағат 09:00-де басталады.


- Тазалық жұмыстары бірнеше локацияда жүргізіледі. Атап айтқанда, Каспий теңізі жағалауы, жағалау бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың аумағы, сондай-ақ, науқан аясында қала мен аудан орталықтары да қамтылады. «Таза қала» науқаны шеңберінде барлық нысандар қоқыстан тазартылатын болады. Осыған байланысты кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын кәсіпкерлік нысандар айналасы мен теңіз жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамыз, - дейді ұйымдастырушылар.
55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!