Сенсация: Ақтауда қаланың қақ ортасында Қызыл кітапқа енген соғды қызғалдағы гүлдеді
Ақтауда сирек кездесетін Қызыл кітапқа енген соғды қызғалдағының гүлдегенін «Эколидер» клубы хабарлады, деп жазады otpannews.kz.
- Биыл киелі Маңғыстаудың табиғаты ерекше құлпырып тұр. Қаланың ортасында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтың жайқалып тұрғанына қуандым. Автомобиль жолдары мен тротуарлар арасында тығылған кішкентай жерде, әр минут сайын ондаған адам өтіп, соншама машина жүріп жатқан шудың жанында соғды қызғалдақтары күн көзіне қарай созылып, табиғаттың үнін жеткізіп тұрғандай, - дейді «Эколидер» клубының жетекшісі Бақытгүл Өмірханқызы.
Экологтар гүлдерді жұлмау керек дейді.
- Адамдар өздерінің аяқтарының астында сирек өсімдіктер өсіп жатқанын білмейді. Бұл жерді адам баспайтындай гүлзар жасауға да болатын сияқты. Табиғатты аялайық, - деді эковолонтерлар.
38
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев