Otpan News Logo

«Таза Қазақстан»: Ақтауда «Таза қала» экологиялық іс-шарасы өтті

«Таза Қазақстан»: Ақтауда «Таза қала» экологиялық іс-шарасы өтті

11 сәуір күні Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шара Каспий теңізі жағалауында «Самал-1» шағынауданынан бастап 15-шағынаудан амфитеатр алаңына дейінгі аралықта өтті. Сенбілікке қала тұрғындары, еріктілер, кәсіпкерлер, мұнай компанияларының өкілдері және банк қызметкерлері қатысты. Теңіз жағалауымен қатар, сенбілік барысында кәсіпкерлік нысандардың аумақтары ретке келтірілді.


Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова теңіз жағалауынан жиналған қамыстан құм қоршаулары жасап, оны құм тоқтату жұмыстарына қолдану жоспарланып отырғанын айтты.


- Жалпы сенбілік облыс бойынша ұйымдастырылды. Басты мақсат - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды қоқыстан тазалады. Экологиялық іс-шараға белсенді қатысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Теңіз жағалауынан жиналған қамыстан құм қоршаулары жасап, оны құм тоқтату жұмыстарына қолдану жоспарланып отыр,- деді Әсел Балманова.


Жалпы облыс бойынша ұйымдастырылған сенбілікке 10 мың адам қатысып, 110 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 1000 ағаш отырғызылып, 700 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

21
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!