Otpan News Logo

Маңғыстау жолдарында сүзгілік бақылау бекеттері жұмыс істейді

|
10.04.2026 17:25
Маңғыстау жолдарында сүзгілік бақылау бекеттері жұмыс істейді

Маңғыстау облысында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында жол қауіпсіздігін бақылаудың жаңа форматы - сүзгілік бақылау бекеттері енгізілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жаңа бақылау бекеттері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау мақсатында жұмыс істейді.



- Сүзгілік бақылау бекеттері - жолдың жүру бөлігін уақытша тарылту арқылы ұйымдастырылатын арнайы учаскелер. Бұл көлік ағынының жылдамдығын төмендетуге және жүргізушілерді іріктеп тексеруге мүмкіндік береді. Мұндай участке қазіргі уақытта Ақтау-Бейнеу тас жолының 144 шақырымында, Шетпе селосының маңында орналасқан. Бекеттерде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылап, жүргізушілердің құжаттарын тексереді, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді, - деп түсіндірді Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы.


Қазіргі уақытта бұл жобаны Маңғыстау облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасымен бірге Көлікті бақылау инспекциясының қызметкерлерімен жүзеге асырып келеді.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!