Otpan News Logo

Жаңа Конституция - ел игілігі мен жарқын болашақтың кепілі

|
16.10.2026 09:30
Жаңа Конституция - ел игілігі мен жарқын болашақтың кепілі

Ата Заңымыз - елдігіміздің айқын бағдары, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының мызғымас қорғаны. Дәрігер ретінде мен үшін ең басты құндылық - адам өмірі мен денсаулығы болса, ал Конституциямыз сол құндылықтардың заңды тұғырын бекітіп береді. 


Мемлекетіміздің басты құжатында әрбір азаматтың тегін және сапалы медициналық көмек алуға Конституциялық құқығы нақты көрсетілгені біздің жауапкершілігімізді еселей түседі. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы артып, цифрлық медицинаның дамуы, әсіресе әлеуметтік осал топтар мен ана мен балаға көрсетілетін көмектің қолжетімділігі басты назарға алынып отыр. Мұның бәрі - мемлекеттің әрбір азаматтың денсаулығы мен жарқын болашағына кепілдік беретінінің айқын көрінісі.


Сауле Жанаманова,

Ақтау қаласындағы «Мұхамбет»

жоғары дәрежелі көпбейінді

медициналық орталықтың мейірбикесі

70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!