Otpan News Logo

Маңғыстауда 13 ауыл ішімдіктен бас тартты

Маңғыстауда 13 ауыл ішімдіктен бас тартты

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Күшәлиевтің төрағалығымен «Заң мен тәртіп: қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбында Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.


Отырысқа құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, ауыл ақсақалдары, имамдар мен қоғам белсенділері қатысты.


Жиында өңірдегі криминогендік ахуал, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының тиімділігі және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.


Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында облыста тіркелген құқық бұзушылықтардың жалпы саны 4,5%-ға, ал қылмыстар саны 5,7%-ға төмендеген.


Биыл облыс аумағында 1106 жаңа бейнекамера орнату бойынша келісімшарт жасалған. Қазіргі уақытта 300 бейнекамера жасанды интеллект технологиясымен жұмыс істейді.


Облыс прокурорының орынбасары Нұржан Боранбаевтың айтуынша, өңірде аса ауыр қылмыстар саны 16%-ға, ал жол-көлік оқиғаларына байланысты қылмыстар 11%-ға азайған.


Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және су айдындарында көлік құралдарын пайдалану тәртібін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылған.


«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында өңірде құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде 13 ауыл алкогольдік ішімдіктерден бас тартты. Белсенді әрі беделді азаматтармен кері байланыс орнатылып, жоспарланған жұмыстардың тиімділігі артып келеді. Үйлестіру кеңесінің отырысында белсенді азаматтар бірқатар номинация бойынша марапатталды. Олардың қатарында «Үздік мектеп», «Қауіпсіз ауыл», «Алкогольсіз ауыл» және «Үздік учаскелік полиция» номинациялары бар. Өңірде туризм саласы да қарқынды дамып келеді. Бұл бағытта да құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі назардан тыс қалған жоқ, – деді облыс прокурорының орынбасары.
124
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!