Otpan News Logo

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

|
16.10.2026 11:00
Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

OTPANNEWS.KZ. – Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған Toyota Camry жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.  


7 қазан күні сағат 23:40 шамасында Ақтаудың 4-шағынауданында полиция қызметкерлері жол ережесін бұзу дерегін анықтады. Тексеру барысында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде жолдағы қос тұтас сызықты кесіп өткені белгілі болды.


«Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Маңғыстау облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол таңбаларының талаптарын және маневр жасау ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді», - деп жазылған ПД хабарламасында.


Айта кететін жайт, қос тұтас сызықты кесіп өту жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!