Otpan News Logo

Үстірт табиғи кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін

Үстірт табиғи кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін

OTPANNEWS.KZ – Маңғыстау облысында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізуге ұсынылған «Үстірт ландшафты және аңшылық Аран қақпандары» номинациясы бойынша далалық бағалау миссиясы талқыланды. Өңірге Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) мен ИКОМОС ұйымдарының халықаралық сарапшылары келіп, нысандардың жай-күйін зерделеді. Бұл туралы ЮНЕСКО және ИСОМК жанындағы Ұлттық комиссияның табиғи мұра жөніндегі сарапшысы Элина Мальцева хабарлады. 


Оның айтуынша, егер бұл номинация мақұлданса, Үстірт – Орталық Азия мен ТМД аумағындағы табиғи әрі мәдени мұраны қатар қамтитын алғашқы аралас нысан болмақ. 


«Биыл ЮНЕСКО тізіміне Маңғыстаудың жерасты мешіттері енгізілген болатын. Ал келесі жылы еліміздегі сегізінші нысан ретінде Үстірт кешені қосылады деген үлкен үмітіміз бар. Үстірт – бірегей геологиялық ландшафт пен көне дәуірден жеткен аңшылық арандардың тарихи-мәдени мұрасы біріккен ерекше аумақ», – деді Элина Мальцева. 


Халықаралық сарапшылар өңірдегі нысандарды аралап, зерттеу нәтижелері бойынша арнайы есеп дайындайды. Қорытынды шешім 2027 жылдың шілде айында Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра комитетінің отырысында қабылданады. Шешімді ұйымға мүше 196 мемлекеттің ішінен сайланған 21 ел дауыс беру арқылы бекітеді. 


Қазір Үстірт аумағын қорғау мен басқару жұмыстары оң бағаланып отыр. Дегенмен, алдағы уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұлғайтып, қорық қоры мен жауапты мекемелердің кадрлық әлеуетін арттыру талап етіледі.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!